Алматы облысындағы ең үлкен ауданның әкімі тағы ауысты

/image/2021/02/14/crop-7_34_595x1057_150379479_748216976125820_8404874331153144121_n.jpg

Алматы облысындағы ең үлкен әрі халық ең тығыз орналасқан Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаев өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді. Ол бұл қызметте 7 ай ғана болған.

"Құрметті аудан тұрғындары, менің оқырмандарым! Мен, Қуанышбек Қалиұлы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметін өз еркіммен босаттым! Осы қысқа уақыт аралығында тарихы бай өлкеде еңбек еткеніме, аудан тұрғындарының түйткілді мәселелерін кішкене болсада шешуге көмектескенім үшін қуаныштымын! Алдағы уақыттада аудан әкімінің орнына білікті басшы келетініне сенімдімін. 7 ай уақыт бойы бірге жұмыс атқарған әріптестеріме, аудан тұрғындарына үлкен алғысымды айтқым келеді! Ескере кету керек мен осы лауазымдық қызметті 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап атқарған болатынмын!" делінген аудан әкімінің желідегі парақшасында.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі ресми хабарламадағы ақпараттан өзге ештеңе айтпады.

Қуанышбек Қашқымбаев 1962 жылы туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген. Мамандығы бойынша тау-кен инженері-электрик, заңгер.

Қуанышбек Қашқымбаев бұған дейін Аматы қаласының жер қатынастары басқармасының бастығы, Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі, Алматы қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар