Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті "Құлыбаев көңілдесі" деген атпен танылған Элеонора есімді әйелге 5 айлық есептік көрсеткіш (13890 тг) көлемінде айыппұл салынғанын хабарлады, деп жазды
Бұған дейін аталған әйелдің елордадағы кафелердің бірінде тамаққа өз шашын салып, тамақта шаш жүр деп байбалам шығарып, шот төлегісі келмеген видеосы тараған.
Белгілі болғандай, әйел осыған ұқсас бірнеше әрекет жасаған. Мәселен, 5 ақпанда қонақүйдегі кафеде есеп төлемеген болса, 7 ақпанда басқа қонақүй мүлкін зақымдаған. Ал 9 ақпанда қызымен дәмханалардың біріне келіп, жанжал шығарған. Дәл осы жерде ботқаны арақпен араластырып ішіп, тамаққа шаш тастап, өзін Құлыбаевтың көңілдесі екенін айтқан.
Соңғы әрекет үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалады. Сот қалған істерді қарап үлгерген жоқ.
Пікір қалдыру