"Ақынның жарқын бейнесі..." Назарбаев Шөмішбай Сариевтің отбасына көңіл айтты

/image/2021/02/15/crop-12_1_677x902_nursultan-nazarbaev.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті ақын Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter парақшасында жазды.

"Елбасы көрнекті ақын Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев оның қазақ поэзиясының дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтіп, ақынның жарқын бейнесі мен өнегелі ғұмыры ел жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді" делінген хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар