"Үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр". Назарбаев Ақан Сатаевты қабылдады

/image/2021/02/23/crop-52_1_1056x1407_mycollages-43.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады, деп хабарлады elbasy.kz сайты.

Сайт мәліметінше, кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрқашан өнер саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп келе жатқанын атап өтті.

– Сіздің киноиндустрияда үлкен тәжірибеңіз және қоғамда айрықша орныңыз бар. Сіздің фильмдеріңіз түрлі кинофестивальдерге қатысып жүр. Көрермендер сіздің "Анаға апарар жол", "Томирис" және басқа да туындыларыңызды жылы қабылдады. Қазір сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Алдағы жұмысыңызға табыс тілеймін, – деді Назарбаев.

Кездесу барысында Ақан Сатаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көркем фильмдер шығару жөніндегі жоспарлар мен отандық кино сапасын арттыру жөнінде қабылданған шаралар туралы әңгімеледі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар