Ақтөбе облысында газ жарылысынан бір бала көз жұмды

/image/2021/02/25/crop-5_68_436x774_malchik_pojar-4.jpeg

24 ақпанда Ақтөбе облысы Мұғалжар стансадағы үйде газ баллоны жарылып, бір бала көз жұмды, деп хабарлады "Мой ГОРОД"порталы. 

Өрт аумағы 80 шаршы метрді құраған. Жарылыс салдарынан үйдің қабырғалары құлап, үйінді астынан 11 жастағы баланың денесі табылған. 23 және 53 жастағы екі ересек адам жарақат алды. Зардап шеккендер әртүрлі дәрежеде күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы жедел комиссия құруды тапсырды. Комиссия зардар шеккен отбасыға көмектесіп, баланы жерлеуге жәрдемдеспек. Жергілікті кәсіпкерлер ыдыс-аяқ, жылы киім, жиһаз және тағы да басқа қажеттіліктерге ақша жинамақ.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар