Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының маңында өтіп жатқан Демократиялық партия бастамашыл тобы мен "Басе" youtube арнасы ұйымдастырған митинг кезінде белсенді әйелді жедел жәрдем алып кетті.
Алаңда қоршауда тұрған белсенділер бір сәтте арнайы жасақпен қақтығысқа түсіп, әскер белсенділер қоршауын тартылта түсті.
Осы сәтте белсенді әйелдің "ОМОН-дар қабырғамды сындырды" деп айқайлаған даусы шықты. Артынша жедел жәрдем көлігі келіп, белсендіні алып кетті. Ұзамай тағы бір әйел денсаулығына шағымданып, қабырғасы ауырып тұрғанын айтты.
Спорт сарайына жақын жерлерде интернет байланысы жоқ, Абай көшесінде көлік қозғалысы шектелген.
Бұған дейін алаңға 30-дан астам белсенді жиналғаны, полиция мен арнайы жасақ өкілдері белсенділерден бірнеше есеге көп екенін хабарланған.
Уақыт өткен сайын, арнайы жасақ саны артып жатыр.
Қоршаудағы белсенділер дыбыс ұлғайтқышпен "жер сатылмасын", "несие амнистиясы жариялансын", "саяси тұтқындарды босатылсын" Назарбаев, кет", "Еуропарламент қарары орындалсын" деп ұрандатып жатыр.
Қамшы тілшісінің хабарлауынша, алаңда азаматтық киімдегі бірнеше адам жүр. Олардың бірі наразы топты тарауға шақырса, кейбірі "Мамай, қарабет, Мамайға сенбеңдер" деп айқайлап жүр. Өзін "көпбалалы анамын" деп таныстырған белгісіз әйелдің белсенділерді тарауға үндеген" даусы естіледі.
Пікір қалдыру