Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы алдында митингке шыққан "Демпартия" жақтастарын Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары Мұрат Тілеубердиев, адвокат Ғалымжан Тұрлыбекұлы және азаматтық киімдегі бірнеше адам тарауға шақырып жатыр.
Мұрат Тілеубердиев жиналғандарға өткізіп жатқан акцияларының заңсыз екенін айтса, адвокат Ғалымжан Тұрлыбекұлы мұндай әрекеттер "дәстүрімізге жат" екенін айтып, азаматтарды қайтуға шақыруда.
Ал азаматтық киімдегі белгісіз адамдардың бірі наразы топқа "тараңдар" десе, бірі "Мамай, қарабет, Мамайға сенбеңдер" деп айқайлап жүр. Олардың арасында танымал адамдар көрінбейді.
Белсенділер өздеріне айтылған сөздерді тыңдамай, "жер сатылмасын", "несие амнистиясы жариялансын", "саяси тұтқындарды босатылсын" Назарбаев, кет", "Еуропарламент қарары орындалсын" деген талаптарын қойып жатыр.
Пікір қалдыру