Кран операторларының талаптары Алматы әкімдігінің құрылыс компанияларымен кездесуінде қаралды

/image/2021/02/28/crop-233_7_505x674_d3e2190c-2919-4238-9d9d-7f4fe152566c.jpg

Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаевтың құрылыс компаниялары өкілдерімен және құрылыс салушылармен онлайн режимінде кездесуі өтті. Кездесуге Алматы қаласы әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің басшылығы қатысты.

Негізгі міндет - жұмысшылардың еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мәселесін қарастыру. Атап айтқанда, жалақы деңгейінің сәйкестігі, медициналық сақтандырумен қамту және т.б.

Мұнара кран операторларының жұмысын реттеу мәселесі бойынша Bazis Construction, BI Group, Dial-Stroy, Nest Stroy, Esentai Stroy, Qazaq stroy, Exclusive, Atrix-Stroy және басқа да компаниялардың өкілдері тыңдалды. Естеріңізге сала кетейік, краншылардың негізгі талаптары - жалақыны 800 мың теңгеге дейін көтеру, ерлердің зейнет жасын 60 жасқа, әйелдерді 55 жасқа дейін төмендету. Бүгінгі күні бірқатар құрылыс компанияларының мәліметтері бойынша кран операторының жарты айлық жалақысының мөлшері шамамен 285 мың теңгені құрайды. Жұмыс уақытынан тыс төлеу тетігі енгізілуде.

Кәсіпорын басшыларымен жалақының кешіктірілуі жағдайларының алдын алу мақсатында түсіндірме әңгіме жүргізілді. Бүгінгі күні, Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының ақпараты бойынша, ірі жұмыс беруші компанияларда жалақы бойынша қарыз жоқ. Алайда, шағымдардың көпшілігі қосалқы мердігерлер арқылы жұмыс істейтін мұнара кран операторларына қатысты. Осы бағытта тиісті жұмыстар да жүргізіліп жатыр.

Отырыс нәтижесінде қатысушылар кран операторларының өтініші негізінде құрылыс салушы компанияларды тиісті қызметтерді тарта отырып, еңбек заңнамасының сақталуын, жұмысшылардың құқықтарының сақталуын толығымен тексеруге шешім қабылдады. Ағымдағы жағдайды талқылау және заң бұзушылықтардың алдын-алу бойынша осындай кездесулер апта сайын өткізілетін болады.

Бұған дейін қала әкімдігі мемлекеттік бағдарламалар бойынша құрылыс жүргізіп жатқан құрылыс компанияларына мониторинг жүргізген. Әкімдік пен құрылыс салушылардың өкілдері бастамашыл топпен 15-20 адамнан тұратын жиналыс өткізді (кран операторлары). Барлық ұсыныстар мен талаптар тыңдалды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар