"10 нақты міндет". Қазақстанның 2025 жылға даму жоспары бекітілді

/image/2021/03/09/crop-4_26_604x1074_278f2d0a31702dff71fb5f01cdc50102_1280x720.jpg
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес елдің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.
 
Министрлік таратқан ақпараттық хабарламада жоспар халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған түбегейлі институционалдық және салалық реформалар үшін негіз болатыны айтылады.
 
"Денсаулық сақтау мен білім беру қызметтерін жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға, нәтижелі жұмыспен қамтуға және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударылатын болады.
 
Жалпыұлттық басымдықтар (ЖҰБ) үш түйінді бағыт бойынша 10 нақты міндетті білдіреді: азаматтардың әл-ауқаты, институттардың сапасы және күшті экономика құру.

Әңгіме жақын келешекте реформалар жүзеге асырылатын он бағыт туралы болып отыр: әділ әлеуметтік саясат, денсаулық сақтаудың қолжетімді және тиімді жүйесі, сапалы білім беру, азаматтардың мүдделерін қорғауға арналған әділ және тиімді мемлекет, мемлекеттік басқарудың жаңа моделі, патриотизм құндылықтарын дәріптеу, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, әртараптандырылған инновациялық экономика құру, экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту және теңгерімді аумақтық даму" делінген ақпараттық хабарламады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар