Елде үш күнде 763 адам қар құрсауында қалған

/image/2021/03/09/crop-7_85_510x907_b4f91eadf40c27b7a439bb57947dec10_1280x720.jpeg

5-8 наурыз аралығында республика бойынша 185 техника мен 763 адам қар құрсауынан шығарылды. Оның ішінде 95 бала мен 2 шетел азаматы бар.

"Қазгидромет" 9 наурызда 8 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, СҚО және Маңғыстау) дауылды ескерту жариялады. 

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесі және 60 облыстық маңызы бар учаске жабылған.

Шұғыл жұмыстарға төтенше жағдай, ішкі істер министрлігінің 842 адамы мен 513 техника жұмылдырылған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар