Қазақстанда коронавирустан тағы 4 адам қайтыс болды

/image/2021/03/13/crop-73_-5_686x915_9b82868f-4470-45d6-b25a-b6959ab9f47f.webp

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 4 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәлімдеуінше, бір тәулікте Алматы қаласында 3 адам, Жамбыл облысында 1 адам көз жұмған.

"13 наурыздағы мәлімет бойынша, елде 18 658 адам короновирус инфекциясынан (14 277 КВИ+ және 4 381 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4827 пациент стационарда, 13 831 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда" деінген хабарламада.

Науқастардың арасында:

  • 235 адамның жағдайы ауыр;
  • 44 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар