Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Отырысқа ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты, деп хабарлады үкіметтің ресми сайты.
Отырыс барысында Е. Тоғжанов орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар тапсырма берді, атап айтсақ:
♦штаттарды және еңбекақы төлеу шарттарын оңтайландыру бойынша Қазақстанның жұмыс берушілері іске асыратын шараларға кешенді талдау жасау;
♦ еңбекақы төлеудің бірыңғай стандарттарын енгізу мәселесін пысықтау;
♦ салалық үшжақты комиссиялардың жұмысын жандандыру.
"Бұдан бөлек, отырыс аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері мен кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері арасында 2021-2023 жылдарға арналған бас келісімге қол қойылды. Жаңа Бас келісімде қойылған міндеттер қызметкерлердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді" делінген ақпараттық хабарламада.
Пікір қалдыру