Премьер-министрі Асқар Мамин РФ үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, деп хабарлады COVID-19-ды таратпау бойынша ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметі.
Келіссөздер барысында Қазақстанға "Спутник V" коронавирусқа қарсы вакцинасының қосымша 4 млн дозасын жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген.
– Кездесу барысында COVID-19 таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикалары үшін пандемияның салдарын жою бойынша бірлескен шараларға ерекше назар аударылды. Вирустың таралуын жеңу үшін біздің елдеріміздің күш-жігерін, оның ішінде халықты жаппай вакцинациялау мәселелерінде үйлестірудің жоғары деңгейі қажет, – деді Асқар Мамин.
Пікір қалдыру