24 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 246 науқас короновирустан, 2 768 сырқат пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 6 537 пациент стационарда, 15 477 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 304 адамның жағдайы ауыр, 75 пациенттің жағдайы өте ауыр, 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Ресми статистика бойынша елде коронавирус анықталған 2020 жылғы 13 наурыздан бері 235 095 адам коронавирус жұқтырған. Оның 2941-і қайтыс болған.
2020 жылғы 1 тамыздан бері статитикасы жүргізіліп келе жатқан пневмонияға бүгінгі күнге дейін 50 146 науқас шалдыққан. 667 адам қайтыс болған.
Статитика комитетінің дерегінше, 2020 жылы өлім-жітім көп болған. Өлімнің орташа көрсеткіші алдыңғы жылдарға қарағанда 30 мың адамға артық.
Пікір қалдыру