Осы жылдың басында Tesla 1,5 миллиард долларға биткойн сатып алған. Ал қазір компания биткойнды бүкіл АҚШ-та төлем әдісі ретінде ұсынып жатыр. Компания басшысы Илон Маск АҚШ-тан сырт елдерде тұратын адамдар да "осы жылдың соңына таман" криптовалютамен төлем жасап, көлік ала алатынын айтты.
Маск бұл жаңалықты твиттерде растап, Tesla-ға төлемдер "биткойн ретінде болатынын" айтты.
Ол өзінің твиттерінде "Енді Tesla-ны биткойнмен сатып алуға болады" деп мәлімдеді.
Масктың сөзінше, Tesla тек "ішкі" және "ашық" бағдарламалық жасақтаманы пайдаланады және криптовалюта қозғалысын тікелей басқарады.
"Tesla-ға төленген биткоин фиат валютасына ауыстырылмай, биткойн ретінде сақталады" деп қосты Маск.
Пікір қалдыру