Б. Сағынтаев әлеуметтік нысандар құрылысының және инженерлік инфрақұрылымды модернизациялаудың барысымен танысты

/image/2021/04/12/crop-143_22_813x1084_98b7e4b6-2fa9-4ba6-b15a-8cfa31eab7f8.jpeg

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым салынып жатқан бірқатар ықшамаудандарда болды, сонымен қатар аумақтарды абаттандыру жобаларымен танысты.

Мегаполис әкімі Instagram-дағы өзінің парақшасында инженерлік құрылымды жаңарту мен нығайтудың маңызды екенін атап өтті.

Алматы қаласының баспасөз қызметі

«Мұзтау ықш.-да тарату желілері салынуда. Биыл үйлерді сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне қосуға кірісеміз. Өрт сөндіру депосы мен бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтің құрылыс алаңдарында болдым»-, деп жазды Б.Сағынтаев.
Алматы әкімі қайта жөндеуден өткен және қосымша орындары бар №54 мектепте де болды.

Қала тұрғындары жұмыспен қамту, тұрғын үй және т.б. саладағы 50 түрлі мәселелерге қатысты «бір терезе» қағидаты бойынша кеңес ала алатын Әлеуметтік қызмет көрсету үйінің жұмысы аяқталуға жақын.

Алматы қаласының баспасөз қызметі
Айта кетерлігі, Алатау ауданында 14 кортқа арналған жаңа теннис орталығы мен жабық шағын футбол алаңы, үстел теннисі бар орталығының, сондай-ақ Алғабастағы 12 мың адамға арналған мешіттің құрылысы жалғасуда. Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы велотректі жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, Алматы әкімі Б. Сағынтаев құрылыс сапасын бақылауды күшейтуді, көше кеңістігін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды. Төле би көшесіндегі жолдардың жөнделуі – ерекше бақылауда.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар