Үндістанның қирауға шақ қалған денсаулық сақтау қызметі коронавирустың күн сайынғы жаңа деректері және рекордтық өліммен жандәрменін салып күресіп жатыр. Елде соңғы тәулікте 332 мың 730 жаңа жағдай тіркеліп, 2263 адам қайтыс болған, деп жазады aljazeera.com сайты.
Үндістан бойынша медициналық оттегі мен аурухана тапшылығы қатты сезіледі. Ел астанасы Нью-Делиде ауруханалардың барлығы науқасқа толы, оттегі қоры таусылуға жақын.
BВС-дің жазуынша, елдің жоғарғы соты төтенше жағдай жариялаған. Үндістандағы жетекші вирусологтардың бірі "бұл – төтенше жағдай шеңберінен шығып кетті, бұл – қарғыс атқыр жүйенің толықтай қирауы. Дели мен Мунбай сияқты шиеленіс нүктелерінде тірі қалудың өзі артықшылық" дейді.
Үндістанда вирус таралуының өршуіне бірнеше фактор әсер еткен. Елде маска тағу талабы ара-тұра өзгеріп тұрған. Миллиондаған адам Кумбха Мела фестиваліне қатысып, өзенге шомылған. Оның үстіне елде вирустың жаңа штаммдары анықталған.
Крематориилерде адам сүйегін жаппай өртеу әдеттегі іске айналған.
Пікір қалдыру