Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі табылды, деп хабарлады Polisia.kz сайты.
Сайт мәліметінше, екі күн бойы хабар болмаған Альтаир Бахытты іздестіру жұмыстарына полиция департаментінің, қалалық полиция басқармасының жеке құрамы, ұлттық ұлан сарбаздары, төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысқан.
– Бүгін, 29 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 11:00 шамасында жеке тұрғын үйдің кәріз құдығынан жоғалған баланың денесі табылды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінен көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Оқиға бойынша тергеу басталды, – деді облыстық полиция департаментінің басшысы Бектөре Сұлтан.
Қызылорда облысы полиция департаменті Альтаирдың ата-анасы мен туыстарына көңіл айтатынын хабарлады.
Пікір қалдыру