Нұр-Сұлтанда жеке үйдің не себепті өртенгені анықталды

/image/2021/05/02/crop-299_6_612x816_3bc3012d-1a28-4754-a3e8-bdc34eaaed6f.jpg

Нұр-Сұлтан қаласында жер үй өртеніп, жалын 300 шаршы метр аумаққа таралған. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2 мамырда сағат 12:22-де Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері Сарыарқа ауданы, Бөгенбай даңғылы 73/1 мекенжайына хабарлама бойынша барды. Келген бойда қураған ағаштың жануынан жақын маңдағы жеке үйге өрттің таралып жатқаны анықталды" делінген хабарламада.

Фото: Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство мәліметінше, 300 шаршы метр аумақ өртенген. Қазіргі уақытта жеке құрамнан 15 адам және үш техника өртті сөндіруге жұмылдырылған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

– Шөптің, қураған ағаштың жануы – басқарылмайтын процесс. Қатты жанып жатқан өртті тоқтату оңай емес. Шөптердің жануынан үйлер, тіпті бүкіл саяжайлар мен ауылдарда да өрт жағдайы өте жиі болып жүр, – деп ескертті департамент өкілдері.

Фото: Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар