Солтүстік Корея АҚШ-тың "өте ауыр жағдайға тап болатынын" мәлімдеді

/image/2021/05/03/crop-22_11_578x1156_210409-kim-jong-un-mb-0836_168f5e1dcacfcfe000d8643b03dcc1d7.nbcnews-fp-1200-630.

Солтүстік Корея Америка Құрама Штаттары "өте ауыр жағдайға тап болады" деп ескертті және АҚШ президенті Джо Байден жақында сөйлеген сөзінде "үлкен қателік жібергенін" мәлімдеді.

Өткен аптада Байден Конгрестегі алғашқы үндеуінде Солтүстік Корея мен Иранның ядролық бағдарламаларын америкалық және әлемдік қауіпсіздікке "қатер төндіретін қауіптер" деп атап, ол проблемаларды дипломатия мен қатаң тежеу арқылы шешу үшін одақтастармен жұмыс істейтінін айтқан.

– Оның мәлімдемесі АҚШ-тың жарты ғасырдан астам уақыт бойы Пхеньянға қарсы жүргізіп келе жатқан дұшпандық саясатын айқын көрсетеді, – деді Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің аға лауазымды тұлғасы Квон Джонг Гун.

– АҚШ президенті қазіргі көзқарас тұрғысынан үлкен қателік жібергені сөзсіз. Енді АҚШ-тың Пхеньянға саясатының негізгі мәні белгілі болғаннан кейін біз тиісті шараларды қабылдауға мәжбүрміз. Уақыт өте келе АҚШ өте ауыр жағдайда тап болады, – деді Квон.

Квон Солтүстік Кореяның қандай қадам жасайтынын нақтыламады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар