Сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі сатушы қызды тепкен ер адамның видеосы әлеуметтік желі пайдаланушылар тарапынан қызу талқыға түскен болатын. Енді сол азаматтың аты-жөнін анықталды. Оқиға Астана қаласында орын алыпты. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews.kz –ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Астананың 22 жастағы тұрғыны Тұрагелдиев К.-ныңжәбірленуші азаматшаға қатысты бұзақылық жасап, дене жарақатын салғаны анықталды.
"Тұрагелдиевке қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті Тұрагелдиев ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полициядағылар.
Пікір қалдыру