Сергей Кулагин театрға өте сирек баратынын айтып, саунадағы қойылымға түсінік берді

/uploads/thumbnail/20170708193903332_small.jpg

Үш бірдей әкімнің Зеренді саунасында театр қойылымын тамашалағаны туралы ақпарат көздері халықтың назарына ұсынған болатын. Осыған байланысты 31 арна тілшілеріне Сергей Кулагин түсініктеме берді. Бұл туралы «Қамшы » порталы хабарлайды.  «Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин, Қостанай облысының сол кездегі әкімі Нұралы Сәдуақасов және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов саунаға театр әртістерін шақыртып, қойылымын тамашалады”,- деп Дәулет Қуанышпаев  есімді азамат әлеуметтік желідегі парақшасында жазған еді. Ал Ақмола облысының әкімі  болса, журналистерге берген түсініктемесінде : “Ешқандай театр әртістерін  саунаға шақырған жоқпыз, бұл – жала. Бірақ өзімді қаралағандармен соттаса берсем, жұмысты кім істейді? Өкінішке қарай, мен театрға өте сирек барамын. Мен туған күн, үйлену той дегендерге мүлде бармаймын. Мен ешқайда бармаймын. Өйткені, журналистер көреді де, бірден жариялап жібереді. Мен жұмыстан басқа ешқайда бармаймын” ,-деп айтып өтіпті.

«Қамшы» сілтейді

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар