Алматы қариялары қоғамдық көлікте тегін жүреді

/uploads/thumbnail/20170708193903770_small.jpg

Алматы шаһарында  жасы 75-тен асқан қариялар қоғамдық көліктерде электронды жол жүру билетінің көмегімен тегін қатынайтын болады. Бұл туралы «Қамшы» порталы «Нұр. кз-ке» сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 Қала басшысы Бауыржан Байбектің төрағалығымен өткен қалалық мәслихат сессиясының кезекті шақырылымында айтылды.

Жиында қоғамдық көліктерде жол жүру ақысына жеңілдіктер енгізу мәселесі талқыланған болатын. Қала әкімі Бауыржан Байбек дәл қазіргі қиын кезеңде қарияларымызға барынша қолдау көрсету керектігін атап өтті.

“Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ардагерлерімізге, қарияларымызға үнемі қолдау білдіріп келеді. Біздің 75-тен асқан қарттарға жол жүру ақысын тегін етуіміз де тұрғындар арасында қолдауға ие болады деген сенімдемін” – деді Алматы әкімі.

Айта кетейік, жиын барысында 15 жастан асқан мектеп және колледж оқушыларына, ЖОО студенттеріне, жасына қарай зейнеткерлерге де қоғамдық көліктерде 50% жеңілдікпен жүру мәселесі оң шешімін тапты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар