Қазақстанның жеті өңірі коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.
Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары "сары" аймақта орналасқан.
⠀
Ал "жасыл" аймақта – Жамбыл, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Пікір қалдыру