Қазақстан өңірлерінде жастар арасында экологиялық сана мен мәдениет деңгейін арттыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, әрбір елді мекенде экологиялық жағдайды түзету мақсатында «Киелі табиғат» экологиялық жобасы бастау алды.
Осы жобаның жоспарына сәйкес бүгін 8 мамыр - “Естелік саябағы” күні.
Осыған орай, бүгін Маңғыстау облысының жастары мен волонтер ұйымдар бірлесіп 14 шағын ауданға 40-қа жуық ағаш көшеттерін отырғызды. Сонымен қатар, қалаға абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, саябақтарды күл-қоқыстардан тазартты.
Экологиялық жоба 15 мамыр күні жастар және волонтерлар ұйымдарының қатысумен барлық өңірлерде парктер мен скверлерді тазалау мақсатындағы «Таза парктер» экологиялық акциясымен және 25 мамыр күні барлық өңірлерде «Киелі Табиғат» экологиялық плоггинг өткізу шараларымен жалғаспақ.
Пікір қалдыру