"Екіжақты құжатқа қол қойылмақ". Тоқаевтың Тәжікстанға бару себебі белгілі болды

/image/2021/05/19/crop-230_4_713x951_2020051715493476059_2020051709071827609_akorda4.jpg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруы бойынша екі күндік ресми сапармен Душанбеге барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады.
 
Бұл – Қазақстан президентінің биылғы алғашқы шетелдік сапары.
 
Қазақстан президентін Душанбе халықаралық әуежайында Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
 
– Ертең түске дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген форматта келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылмақ. Сондай-ақ мемлекет басшылары БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізеді, – деп жазды Берік Уәли.
 
Бұдан бөлек сапар бағдарламасына сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев Исмоил Сомонидің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады және Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасымен және Тәжікстанның премьер-министрімен кездеседі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар