Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймаққа өтті. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр.
Алматы, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары "сары" аймақта орналасқан.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.
Кейінгі тәулікте Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар 2 433 науқас тіркелген.
Пікір қалдыру