Қазақстанда жыл басынан бері тілсіз жаудың салдарынан 29 бала қайтыс болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
Министр карантин уақытында балабақша жұмысының шектелуіне байланысты бүлдіршіндердің көбі үйде отырғанын, жылыту маусымында 29 бала ажал құшып, оның 13-і ата-ана қарауынсыз қалғанын айтты.
– Практика көрсетіп отырғандай көп жағдайда қайғылы жағдай ата-ана немесе ересектер үйде жоқ кезде болады, – деді Юрий Ильин.
Юрий Ильин Нұр-Сұлтан мен Түркістанда болған қайғылы оқиғадан бүтін бір отбасы зардап шеккенін атап өтті.
– Барлығы да толық отбасы болды. Алайда балаларды аз уақытқа жалғыз қалдырудың арты трагедияға әкеп соғуы мүмкін. Сол себепті балалармен түсіндіру және тәрбие жұмысын өткізу керек. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, – деді ведомство басшысы.
Пікір қалдыру