Ресейде мектеп оқушысы мұғалімінің тамағына екі рет пышақ сұғып алған

/image/2021/05/21/crop-62_16_1027x1369_mycollages-13.jpg

Ресейдің Пермь өлкесінде мектеп оқушысы мұғалімге нашар баға қойғаны үшін пышақпен шабуыл жасады деп хабарлады Life shot телеграм каналы. 

Ақпарат ресурсы мәліметше, оқиға физика пәні сабағында болған. Төменгі баға үшін 10-сынып оқушысы мен мұғалім арасында жанжал басталып, нәтижесінде 16 жастағы Роман Долбеев есімді оқушы 74 жастағы мұғалімі Людмила Ишменеваның мойнына екі рет және кеудесіне бір рет пышақ сұғып алады. 

Күдікті жасырынуға тырыспаған. Сондықтан құзырлы орган өкілдері оны бірден ұстаған. Ал мұғалім қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның өміріне ешқандай қауіп тәніп жоқ екенін айтқан. Оқушы мектепке пышақ алып кірерде, сөмкесін күзеттен жасырып қойған. 

Белгілі болғандай, күдікті физика мұғаліміне тоқсандық баға ретінде 2 қоямын дегені үшін осындай қадамға барған. 

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар