Журналистерге арналған бірнеше байқау жарияланды

/image/2021/05/21/crop-22_67_1420x2525_mycollages-9.jpg

Журналистерге арналған бірнеше байқау жарияланды.

Мәжіліс бүгіннен бастап "Парламент сөзі" сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды басталатынын хабарлады.

Арнайы сыйлық 2016 жылы алғаш тағайындалған. Сыйлыққа палата­ның заң шығарушылық қыз­меті жайында 2020 жылдың қыр­күйегі мен 2021 жылғы 15 маусым аралығында жарияланған және эфирге шыққан материалдар қабылданады. Жеңімпаздар мәжі­лістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, ғаламтор мен радиоматериалдар, сонымен бірге, фото және бей­не-материалдар бойынша анық­талады. Сондай-ақ Қазақстандағы парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін номинациясы да аталып өтіледі. 

Өтінімдер 2021 жылғы 18 мау­сымға дейін қабылданады. Ққорытындылау және сыйлық жеңімпаздарын анықтау журналистердің кәсіби мерекесі – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өтеді.

Қосымша ақпаратты Мәжілістің www.parlam.kz ресми сайтынан алуға болады.

Ал "Nur Otan" партиясы журналистер арасында жыл сайын өтетін "Nur Suńqar" республикалық байқауының басталғаны туралы хабарлады.

Жеңімпаздар 8 аталым бойынша анықталады. Сонымен қатар Казақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік тағылымы" атты жаңа номинация белгіленген.

Байқауға елдің қоғамдық-саяси тақырыптағы, экономикалық, рухани жаңғыру және партияның бағдарламалық құжаттары мен жобаларын іске асыруға арналған, сондай-ақ партия мен оның лидері Н.Ә. Назарбаевтың қызметі жайлы материалдар қабылданады.

Байқау шарты бойынша 2020 жылдың 1 қыркүйегі мен 2021 жылдың  18 маусымы аралығында жарық көрген әртүрлі жанрдағы: очерк, сұхбат, мақала, теле және радиохабар, журналистік зерттеу материалдары қабылданады.

Байқау жұмыстары мемлекеттік және орыс тілінде тапсырылады. Өтініштер 2021 жылдың 20 мамыры мен 18 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-ге дейін қабылданады.

Жеңімпаздар 8 аталым бойынша анықталады:

  1. "Телевизия үздігі" – үздік телевизиялық журналист;
  2. "Ұшқыр қалам" – үздік газет журналисі;
  3. "QazNet үздігі" – интернет басылымның үздік журналисі;
  4. "Елбасы салған сара жол" – Елбасы қызметін жариялағаны үшін;
  5.  "Партия жаршысы" – партия туралы үздік материал;
  6. "Блогосфера үздігі" – әлеуметтік желідегі үздік жарияланым;
  7.  "YouTube үздігі" – үздік YouTube арнасы;
  8. "Тәуелсіздік тағылымы" – Тәуелсіздіктің 30 жылдығын жариялаған үшін.

Жеңімпаздар Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында марапатталады. Байқау жеңімпаздарына ақшалай жүлде мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Байқау ережесімен партияның сайтынан танысуға болады. Ал материалдарды ұйымдастыру комитетінің nursunqar2021@nurotan.kz электронды поштасына жолдай аласыз. Қосымша сұрақтар бойынша  8 747 772 72 37 нөміріне Эльмира Жантемироваға хабарласуға болады.

Сонымен қатар Жалпы ережелер Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен "Social Development Center" қоғамдық қоры дін саласына қатысты журналистер арасында байқау жариялады.

Байқау жұртшылық назарын дін саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелеріне аудару, Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарды мемлекеттік саясаттың дін саласындағы әртүрлі бағыттары, қоғамдағы конфессияаралық келісімнің нығайтылуы және сақталуына бағытталған маңызды іс-шаралар жөнінде хабардар етуді көздейді.

Байқауға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, Алматыда жұмыс істейтін республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері, сондай-ақ Алматыда тіркелген сарапшы ғалымдар мен тәуелсіз публицистер қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін берілген тақырыпқа сәйкес келетін ерекше авторлық жұмыстар қабылданады.

Байқауға кез келген діни ағымдар мен көзқарастарды насихаттайтын, дінаралық, этносаралық араздықты қоздыратын, діни экстремизм идеяларын және сот шешімі бойынша экстремистік деп танылған, Қазақстанда тыйым салынған ұйымдардың идеяларын насихаттайтын жұмыстар қабылданбайды.

Бір автордан немесе авторлар ұжымынан берілетін жұмыстардың саны шектелмеген.

Байқау жұмыстары қазақ жəне орыс тілдерінде қабылданады.

Бір автор бірнеше номинация бойынша қатыса алады.

Байқау жұмыстарын іріктеу 2021 жылғы 1 сәуірден 1 қазанға дейін жүргізіледі.  2-14 қазан аралығында бағалау. 15-30 қазан күндері марапаттау рәсімі өтеді деп жоспарланған.

Байқау номинациялары:

  • Ең үздік телевизия жанры;
  • Мерзімді баспасөздегі қазақ тіліндегі ең үздік публицистикалық мақала;
  • Мерзімді баспасөздегі орыс тіліндегі ең үздік публицистикалық мақала;
  • Интернет-ресурстағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала;
  • Интернет-ресурстағы орыс тіліндегі ең үздік мақала;
  • Интернет желісіндегі ең үздік бейнеролик;
  • Ең белсенді блогер;
  • Интернет-ресурстағы деструктивті және радикалды діни ұйымдар идеологиясын дискредитациялауға бағытталған қазақ және орыс тілдеріндегі үздік мақала.

Байқау тақырыптары:

  • Ұлттық дәстүрлер мен зайырлы мемлекет құндылықтарын тарату;
  • Конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту;
  • Халықтың діни жəне құқықтық сауаттылығын көтеру;
  • Діни экстремизмнің және деструктивті діни топтардың алдын-алу, олардың идеологиясының зиянын айқындау.
  • Деструктивті және радикалды діни ұйымдар идеологиясын дискредитациялау

Әр номинация бойынша жеңімпаз кем дегенде 150 000 теңге көлеміндегі бағалы сыйлықпен марапатталады. Сонымен қатар 8 ынталандыру сыйлығы қарастырылған. Өтініштерді www.baiqau2021.kz сайтында көрсетілген тиісті сауалнаманы толтыру арқылы жіберуге болады. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар