Атырау облысының бас санитар дәрігері М.Танауов карантин шаралары туралы №10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Қаулы 2021 жылдың 24 мамыры сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.
Қаулыға сай:
- азаматтарда респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмекке жүгінуге тиіс делінген;
- 65 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға кеңес беріледі;
- бір отбасы мүшелерін қоспағанда, халық демалатын алаңдарда, скверлерде, жағалауларда, парктерде және өзге де демалатын орындарда 3 адамнан артық жиналуға тыйым салынады;
- мерекелік іс-шараларды, оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
- "Ashyq" жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда, түнгі клубтардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, бильярд, боулингтердің, букмекерлік кеңселердің жұмысына тыйым салынады;
- кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың жұмысы тоқтатылады;
- жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференциялар тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілуі тиіс, оффлайн режимде өткізілмейді;
- банк, "Қазпошта", халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы 9:00-ден 18:00-ге дейін ұйымдастырылады. Карантин шараларын сақтау үшін азаматтар ХҚКО-ға және мамандандырылған ХҚКО-ға алдын ала Egov.kz, "EgovKZBot 2.0" телеграмм-ботпен брондау арқылы бара алады;
- контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат беріледі;
- жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сынып және халықаралық мектептерде 1-7 сыныпты қоса алғанда балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға рұқсат етіледі;
- бітіруші түлектер 9, 11 (12) сыныптар үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етіледі; (сыныпта оқушылар санын 15 адамнан асырмай);
- сабақтан тыс уақытта оқушыларды жеке оқыту, балалар түзету (коррекция) кабинеттері, балаларға және ересектерге білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балаларға арналған курстар (25 адамнан аспайтын топтар) алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат беріледі;
- медицина орталықтары, кабинеттер, стоматологияларға клиенттер алдын ала жазылу бойынша бара алады;
- азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлардың жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді;
- сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер алдын ала жазылу бойынша қабылданады.
Пікір қалдыру