Қосымша дерек. "Mad MEN" тобының мүшелеріне қандай айып тағылғаны белгілі болды

/image/2021/05/27/crop-64_-2_434x772_1619193716_news_b.jpeg

"Mad MEN" музыкалық тобының мүшелеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу айыптары тағылды, – деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы полициясы тұрақты есірткі желісін бір ай бұрын жойғанын, оның құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам барын атап өтті.  Топты – 1994 жылы туған Х. есімді ер адам басқарған.

– Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің көзіне Х. есімді ер адам 2020 жылдың қыркүйегінде түскен. Қолда бар жедел мәліметтерге сәйкес, топтағы адам бір жыл бойы Алматыда синтетикалық есірткіні өндірумен және сатумен айналысқан. Х. есімді ер адам және оның "көмекшілерінің" қылмыстық әрекеттері ресми түрде құжатталды. Оның әр көмекшісінің рөлдері нақты тағайындалған. Мысалы, логистикалық компания арқылы Ресей Федерациясынан синтетикалық есірткі заттарын өндіруге арналған компоненттерді жеткізуге үш адам жауап берді, олардың бірі қыз бала, екі жас жігіт – кассир әрі, өтінімдер қабылдауға және есірткіні қойып кететіндерге жауап берді, тағы төрт ер адам – есірткі қоюшылар, қаланың Наурызбай, Бостандық және Алатау аудандарында жүрген, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Істі тергеу барысында оның қатысушыларына ҚР ҚК-нің 262-бабы, 1-бөлігі мен 2-бөлігінде көзделген ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету фактісі бойынша айып тағылған. Күдіктілер соттың мақұлдауымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар