Эпидемиологиялық жағдайlы бағалау матрицасына сәйкес Алматы қаласы әлі де "қызыл" аймақта тұр. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн баспасөз-конференция барысында айтты.
– Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі қауырт күйде қалып отыр. 26 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында Алматы қаласы әлі де коронавирустың "қызыл" аймағында. Мамыр айының соңғы аптасында жағдай тұрақталып, ауруды жұқтыру фактісі төмендеуі байқалады. Сәуірде 700 жағдай, ал өткен тәулікте 290-300 жағдай тіркелді. Симптоматикалық науқастардың өсуі баяулады: мамыр айының ортасында 98%-дан 88%-ға азайды, – деді Бекшин.
Ол биылғы жылдың 9 наурызында басталған COVID-19 мутацияланған штамдары тудырған коронавирустың үшінші толқынының төмендеуі келесі алғышарттарға байланысты екенін жеткізді:
- Инфекцияның таралуын мекемелерде және қоғамда қабылданған шектеу шараларымен шектеу;
- Қалада шамамен 20 пайыздық иммундық қабаттың пайда болуы (вакцинациядан 14,8% + соңғы 6 айда қалпына келгендердің 5%)
– Соңғы екі аптада науқастардың жас құрамын талдау нәтижесінде COVID-19-ға қарсы иммундаумен байланысты кейбір өзгерістер анықталды. 40-59 жастағы және 60 жастан асқан азаматтар арасында ауру азайды.
Құрметті қала тұрғындары, вакцинация – эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырудың және шектеу іс-шараларымен қатар, халықтың қалыпты өміріне оралудың жалғыз тиімді тәсілі болып қала береді. Осы мақсатқа жету үшін барлық бөлімдер мен тұрғындардың келісімі қажет, – деп атап өтті бас санитар дәрігер.
Пікір қалдыру