“Үрей де, қорқыныш та бар". Аймағамбетов білім саласындағы өзгерістерді айтты

/image/2021/05/28/crop-179_20_754x1006_a71cb974-f30d-4da8-b9e0-68e46e5f41d4.webp

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халық алдында есеп беру кездесуінде білім саласындағы жаңа өзгерістерді мәлімдеді.

– Бұрын мұғалімді жұмысқа алу директордың құзыретінде болды. Енді бұдан былай тек қана бұл мәселені директор шешпейді конкурс арқылы шешіледі, – деп айтты ол. 

Сондай-ақ министр мектеп директорларын ротация институтынан өткізу маңызды бастама екенін айтты.

– Мектеп директорларды ротация институтынан өткізу маңызды бастама деп ойлаймын. Бұл мәселе бойынша сұрақтар жеткілікті.  Әріптестеріміз бұл мәселені түсінбей жатыр. Біраз үрей де, қорқыныш та бар. Бір уақыттың ішінде директорларды ротациядан өткізеді деген де алып қашпа әңгіме де жүруде. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды.

Ротация жүйесі, институты - маңызды. Бірақ 1 жылдың ішінде немесе 2 жыл мен 5 жылдың ішінде барлық мектеп директорларын өткіземіз деген мақсат жоқ. Бұл кадр әлеуетін арттыру үшін қажет, – деді министр. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар