Түркістан облысында жоғалған 7 адамның 3-еуі табылды, қалғаны іздестіріліп жатыр

/image/2021/05/28/crop-23_1_692x1230_5d0e7a3814ba6dd3fb81d57f1a7d528a_1280x720.jpeg
Түркістан облысын Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоғалған 7 адамның 3-еуі табылды. Бұл туралы ТЖМ  ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

– Табылған үш турист эвакуацияланды. Олардың хал-жағдайы жақсы, медициналық көмекке мұқтаж емес. Екеуі 1999 жылы және біреуі 2000 жылы туған. Олардың айтуынша үш күн бұрын екі топқа бөлініп кеткен. Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері оларды ата-анасына табыстады. Қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғастырылуда, – деді Талғат Уәли.

Бұған дейін 25 мамырда Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адам жоғалғаны хабарланған. Туристер 21 мамырда туристер "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге  оралуы керек еді.

 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар