Қазақстанның төрт өңірі коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр.
Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "сары" аймақта орналасқан.
⠀
Ал "жасыл" аймақта – Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.
Пікір қалдыру