Қарулы күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің басшысы, полковник Асылбек Сатвалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты қорғаныс министрлігі растады.
"2021 жылдың 28 мамырында құқық қорғау органдары Қазақстан Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің бастығы полковник Асылбек Сатвалдиновты ұстады. Тергеу мүдделеріне қатысты қалған ақпарат жария етуге жатпайды" делінген министрлік таратқан хабарламада.
Кей ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол "қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және сыйлықақы беру кезінде бюджет қаражатын жымқырды және әскери қызметшілерден ақшалай жәрдемақыларды заңсыз өндіріп алды" деген күдікке ілінген. Сыйлықтың жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асады.
Пікір қалдыру