Елде 32 педофил жыл соңына дейін бостандыққа шығады. Зорлық-зомбылық жасағандарға мәжбүрлі түрде химиялық кастрация жасалмайды, деп хабарлады 24.kz арнасы.
Былтыр елде балаларға қатысты үш жүзден аса зорлық-зомбылық қылмысы тіркелгені анықталған.
Арнаға пікір білдірген психолог Ержан Базарбаев бостандыққа шыққан педофилдердің 90 пайызы өзгермейтінін айтқан. Маман "химиялық кастрацияның өзі адамға тікелей көмектеспейді, қылмыскердің психикасында ойлар қала береді" деген пікірде.
– Ондай кісілер (педофилдер – ред.) адамдарға, балаларға зиянды деп ойлаймын. Оларды бостандыққа шыққаннан кейін бақылаусыз қалдырмау керек. Әр педофилді мемлекет тарапынан есепке алу керек, – деген ол балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен азаматтармен түрмеде психолог жұмыс істемесе, олардың бостандығын шектегеннен пайда жоқ деп санайды.
Пікір қалдыру