Балалар әдебиетінің жазушысы, ақын Қастек Баянбай қайтыс болды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева facebook парақшасында жариялады.
Балаларға арналған "Арғымақ" деген алғашқы жинағы "Жалын" баспасынан жарық көрді. Ақынның өлеңдері мектеп оқулығына енген, ертегілері бойынша мульфильм түсірілген. Шығармалары орыс, украин, өзбек, болгар, әзірбайжан тілдеріне аударылған.1986 жылы "Тәтті сабақ" жинағы үшін Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлық берілді. 2005 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.
Пікір қалдыру