Қазақстанның бір облысында карантин шараларына өзгерістер енгізіледі

/image/2021/06/03/crop-16_8_783x1044_5fac79a03caa3864987998.jpeg

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Н.Беркімбаева карантин шараларына бірқатар өзгеріс енгізді.

Қаулы 2021 жылдың 4 маусымы сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Жаңа қаулыда:

  • ашық ауадағы аквапарктердің қызметіне рұқсат беріледі;
  • жағажайлардың жұмысына рұқсат етіледі;
  • кеңестерді (отырыстарды) күндізгі режимде өткізуге (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде) рұқсат беріледі;
  • бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада кинотеатрлардың жұмысына рұқсат етіледі;
  • Ұлттық құрамалар, клубтық командалар үшін спорттық жаттығуларды (30 адамнан артық емес, денемен жанаспайтын әдіспен дене қызуын өлшеу, спорт базаларында тұру) өткізуге болады;
  • спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға болады;
  • қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде), қоғамдық орындарындағы ашық ауада болған кезде барлық адамдарға медициналық немесе мата бетперделерін міндетті түрде тағуы қажет;
  • ата-аналардың өтініші бойынша сыныпта балалар санын 15 адамнан асырмай, барлық сынып оқушылары үшін жазғы мектептерде оқуға рұқсат беріледі;
  • орта және жоғары оқу орындарының I курс студенттері штаттық режимде оқи алады.

Қаулының толық нұсқасымен мына сілтемеде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар