Президент жоғарғы сот кеңесінде кадрық ауыс-түйіс жасады.
Ақорда сайтының хабарлауынша, Тоқаев жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Советбекұлы Донақовты лауазымынан босатып, орнына Денис Алексеевич Шиппты тағайындаған..
Денис Шипп 1968 жылы дүниеге келген. Омбы мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша, Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетін аяқтаған.
Ол 2011 жылдан 2015 жылға дейін Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының төрағасы қызметін атқарды. Ал 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР жоғарғы сотының судьясы, мамандандырылған сот алқасының мүшесі болды.
Пікір қалдыру