Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы сот кеңесінде кадрық ауыс-түйіс жасады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Талғат Советбекұлы Донақов Жоғары сот кеңесінің төрағасы лауазымынан босатылып, оның орнына Денис Алексеевич Шипп тағайындалсын" делінген хабарламада.
Денис Шипп 1968 жылы дүниеге келген. Омбы мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша, Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетін аяқтаған.
Ол 2011 жылдан 2015 жылға дейін Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының төрағасы қызметін атқарды.
Кейін 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР жоғарғы сотының судьясы, мамандандырылған сот алқасының мүшесі болды.
Пікір қалдыру