Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан қаласы әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды. Бұл туралы әкімдіктердің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтың шешімімен Түркістан қаласының әкімі болған Рашид Аюпов Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Рашид Аюпов 1981 жылы дүниеге келген. Академиялық Инновациялық Университетінің заң факультетін бітірген. 2015 жылы Лондондағы Queen Mary University университетінің мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған. 2018 жылы "Shymkent "ӘКК" АҚ Басқарма төрағасы, 2019 жылы Түркістан қаласының әкімі болған.
Жақында Рашид Аюпов өзінің twitter парақшасында кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының бас атқарушы директоры Илон Маскты Түркістанда Tesla зауытын салуға шақырған еді.
Ал Түркістан қаласының басшылығына бұған дейін Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі болған Нұрбол Тұрашбеков келді.
Пікір қалдыру