Алматыда полицей жаяу жүргеншіні қағып кетті

/image/2021/06/14/crop-0_6_602x803_42212aab-5d36-4796-adbf-f017905c1d0b.jpeg

Алматыда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 14 маусым сағат 7:00-де Алматының Алатау ауданында болған. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

"Полиция қызметкері Hyundai Elantra маркалы қызметтік көлікпен Өтемісұлы көшесімен оңтүстікке қарай жүріп келе жатқан. Күтпеген жерден алдындағы көлік маневр жасай бастайды. Полицей онымен соқтығысып қалмас үшін кілт бұрылып, жол жиегіне шығып кеткен. Сол жерде жаяу келе жатқан әйелді қағып кетті. Сосын "Газель" көлігіне соғылды" делінген департамент таратқан хабарламада.

Қазір аталған оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Егер де полиция қызметкерінің кінәсі дәлелденсе, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар