Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды. Бұл туралы өңірлік Мой город басылымы хабарлады.
Қайғылы оқиға 19 маусым сағат 20:20 шамасында Қобда-Ойыл тас жолында болған. Ойыл ауылынан Қобда ауылына қарай жүріп келе жатқан Тoyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, көлікті басқара алмай қалған.
Көлікте 4 мектеп директоры болған. Олар Ойыл ауданының қасиетті жерлеріне демалуға барғаеы хабарланды. Жол апаты демалыстан үйлеріне қайтып келе жатқанда болған. Салдарынан №20 мектеп директоры Бағдат Үрімбаева мен №33 мектеп директоры Альмира Орақова және көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырған. Тағы екі мектеп директоры ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
Қазір аталған оқиға қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Пікір қалдыру