Түркістанда ірі жол-көлік оқиғасы болып, жеті адам көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Созақ ауданының Екпінді-Бірлік тас жолының 144-531 шақырымында Lada Priora мен Volkswagen Golf жеңіл көліктері соқтығысқан.
Салдарынан 2 көлік жүргізушісі мен 5 жолаушы көз жұмды. 1 адам жарақат алып, аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.
Қайғылы оқиғаға қатысты полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Аталған іс қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркеуге алынған.
Пікір қалдыру