Қазақстанның бір қаласы коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, тек Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймақта тұр.
Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары "сары" аймақта орналасқан.
⠀
Ал "жасыл" аймақта –Алматы қаласы, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.
Пікір қалдыру