Қазақстанда жаңа мереке пайда болады. Президент пәрмен берді

/image/2021/06/25/crop-121_11_524x698_8067352.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.

– Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала. "Халықтың көзі, құлағы һәм тілі" ретінде елге адал қызмет ету – әр журналистің абыройлы міндеті. Сіздер қашанда ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, ел қамы үшін қалам тартып жүрсіздер. Мемлекетшілдік құндылықты дәріптеп, жасампаздық пен жақсылықтың жаршысы болып келесіздер. Ақпарат саласын дамытуға мемлекет тарапынан қашанда ерекше көңіл бөлінеді. Өз кәсібінің майталманы болған қарымды журналистерге қолдау көрсетіледі, – деді мемлекет басшысы.

Президент 1 қазанды "Радио қызметкерлері күні" ретінде ресми түрде бекітетінін мәлімдеді.

– Соңғы кезде радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екені жиі айтылып жүр. Мен Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен жөн деп санаймын, – деді Тоқаев.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар