Қазақстандық банк лицензиясынан айырылды

/image/2021/06/25/crop-92_7_774x1033_064115421100.jpg

"Capital Bank Kazakhstan" акционерлік қоғамы, бағалы қағаздар нарығындағы банктік және өзге де операциялар мен қызмет жүргізуге берілген лицензиясынан айырылды. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады

Агенттік мәліметінше, лицензиядан айырылуға пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде бұзуы, банктің ірі қатысушысының уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын орындамауы "Capital Bank Kazakhstan" банкінің төлемге қабілетсіз банк санатына жатқызылуы себеп болған.

"Банктің өтімді активтерінің мөлшері 149 миллион теңгені құрайды, орындалмаған клиент төлемдерінің көлемі 15,0 миллиард теңгеден асады.

Агенттік банкке пруденциялық нормативтерді орындамауына байланысты 29 қадағалап ден қою шарасын қабылдап, 67 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған. Былтыр банк акционері банктің қаржылық жағдайын жақсартуға қатысты жоспарын ұсынды. Осылайша сол жоспарды орындау барысында агенттіктің қатаң бақылауымен банк 2020 және 2021 жылдары банктің депозиторлар алдындағы 31 миллиард теңге сомасындағы міндеттемелерін төмендетті" делінген хабарламада.  

Қаржы нарығын реттеу агенттігі банк салымшылары 99%-ның депозиті толық көлемде өтелетінін мәлім етті.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар