Талғат Мұсабаев: Оны ұрғаным туралы айыбы мүлде негізсіз

/image/2021/06/25/crop-109_3_436x581_photo_365910.jpeg

Сенатор, ғарышкер Талғат Мұсабаев елордалық бойжеткенге шабуыл жасалғандығы туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

– Оқиға орнына ІІМ екі қызметкері келгенде түсініктеме бердік. Арызданушы да түсінік берді. Мен оған қатысты ешқандай заңға қайшы іс-әрекеттер жасаған жоқпын. Күш қолдану туралы тіпті сөз болуы мүмкін емес. Сол жерде қыздың өзі қолын беріп, кешірім сұрады. Менің оны ұрғаным туралы айыбы мүлде негізсіз деп санаймын, – деді Мұсабаев.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, 24 маусымда Момышұлы көшесіндегі Триатлон паркінде ер адам бойжеткенді ұрғаны туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына автопатруль жіберіліп, Мұсабаев пен бойжеткен арасындағы жанжал ит аузында бау болмағандықтан туындағаны анықталған.

Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, саябақта хаски тұқымдас итімен серуендеп жүрген елордалық тұрғын Алина Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында халық қаһарманы, ғарышкер Талғат Мұсабаевтың өзіне қол көтергенін жазып, шағымданған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар